Hyundai Suyunbay
Алматы қ., Сүйінбай даңғ., 245а
16 желтоқсан 2021
Hyundai Motor Group MobED эксцентрикті дроидын ұсынады – әмбебап қолдануға арналған жаңа мобильді платформа

  • Мобильді эксцентрикті дроид MobED (Mobile Eccentric Droid) бірегей орналасуы және оңтайлы, тәуелсіз жүрісі бар төрт дөңгелекті төмен жалпақ шанақпен жабдықталған 
  • Жаңа платформа жоғары маневрлікті және тұрақтылықты қажет ететін құрылғыларға арналған, сонымен қатар адаптивті дөңгелек базасы мен икемді бұрылу бұрыштарының арқасында қиын жағдайларда қолдануға болады 
  • Жоғары технологиялық платформаны пайдалану форматтары адаммен басқарылатын және пилотсыз болуы мүмкін 
  • MobED әлемдік тұсаукесері CES 2022 көрмесінде өтеді, онда Hyundai Motor робототехника саласындағы өзінің болашақ тұжырымдамасын ұсынады 

Hyundai Motor Group жаңа мобильді эксцентрикті MobED (Mobile Eccentric Droid) дроидын – озық роботтандырылған технологияларды қолдану арқылы жасалған шағын ұтқырлыққа арналған инновациялық платформаны ұсынады. 

MobED прогрессивті орналасуымен ерекшеленеді – жалпақ тікбұрышты корпус тәуелсіз аспасы бар төрт үлкен дөңгелекке орналастырылған, бұл тіпті тегіс емес жолдар мен көлбеу беттерде оңтайлы қону мен қозғалыс тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Мұндай шешім платформаға дөңгелек базасы мен бұрылу бұрыштарының параметрлерін икемді бейімдеу мүмкіндігі арқасында қиын қалалық жағдайда қозғалуға мүмкіндік береді. 

«Біз қазіргі көмекші роботтар мен жабық кеңістіктерге арналған сервистік роботтардың шектеулерін еңсеру үшін, сондай-ақ платформаның ұтқырлығын едәуір жақсарту арқылы қалаларда оларды пайдалану мүмкіндіктерін барынша арттыру үшін MobED әзірледік», – деп түсіндірді Hyundai Motor Group робототехника зертханасының басшысы Хён Дон Чжин (Dong Jin Hyun). – «Сондай-ақ, біз MobED-тің әлеуетті қолданушыларының қажеттіліктерін одан әрі қалай кеңейтіп, оларды қанағаттандыру үшін технологияның осы түрін қалай қолданатынын бағалауды жоспарлап отырмыз». 

MobED дроиды инновациялық технологиялық шешімдермен жабдықталған, оның ішінде прогрессивті эксцентрикті-дөңгелек жетегі (Eccentric Wheel Drive), жоғары технологиялық басқару, тежеу және биіктікті бақылау жүйелері бар. Олардың арқасында робот әртүрлі жағдайлар мен жол жамылғыларына бейімделе алады, сонымен қатар оңтайлы позицияны таңдай алады. Әр дөңгелектегі үш қозғалтқыш шанақтың жалпы жағдайын параллель реттей отырып, сенімді тарту мен мінсіз басқаруды қамтамасыз етеді. 

Жеке қозғалтқышы және басқару жүйесі бар әр дөңгелектің ойластырылған конструкциясы тіпті шектеулі кеңістікте де тиімді ұтқырлықты қамтамасыз ете отырып, MobED дроидына орнында айналуға және кез келген бағытта қозғалуға мүмкіндік береді. Эксцентрикті механизм негізінде жұмыс істейтін басқару жүйесі айналадағы кеңістікке байланысты әр дөңгелектің биіктігін өзгерту арқылы роботтың қалпын тұрақтандырады. Өз кезегінде, 12-дюймдік пневматикалық шиналар тегіс емес жерлерден одан да жақсы өтуге және дірілді басуға көмектеседі. 

MobED ұзындығы – 67 см, ені – 60 см, биіктігі – 33 см. Дроидтың массасы 50 кг құрайды. Оның дөңгелек базасы жоғары жылдамдықта қозғалу кезінде максималды тұрақтылықты сақтау үшін 65 см-ге дейін артуы мүмкін және қиын жағдайларда төмен жылдамдықта маневр жасау кезінде 45 см-ге дейін қысқаруы мүмкін. MobED максималды жылдамдығы 30 км/сағ жетеді. Сыйымдылығы 2 кВт/сағ аккумулятордың арқасында робот төрт сағат бойы бір зарядта жұмыс істей алады. 

MobED дизайны әмбебаптығымен және модульділігімен ерекшеленеді, осыған байланысты шешімді әртүрлі мақсаттарда және платформада орнатылған құрылғыға байланысты пайдалануға болады. Hyundai Motor Group адаптивті дөңгелек базасының, ықшам өлшемдерінің және платформа жүрісінің жоғары жатықтығының арқасында жеткізу, сүйемелдеу және кино түсіру салаларында қолданылатын жабдықтар үшін оңтайлы технологиялық шешім болады деп күтеді. Сонымен қатар, әсерлі маневрліктің арқасында платформаны үй-жайда да, ашық жерлерде де сервистік роботтар үшін пайдалануға болады. 

Платформаның тиісті масштабталуы кезінде MobED-ты қарт адамдарға немесе мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған көлік құралы ретінде, сондай-ақ балалар арбашасы немесе демалыс шешімі ретінде пайдалануға болады. 

Hyundai Motor Group келесі жылдың 05-08 қаңтар аралығында өтетін CES 2022 тұтынушылық электроника көрмесіне қатысады. Іс-шара шеңберінде Топ робототехника саласындағы болашақ тұжырымдамасын ұсынады және MobED дроидын өз стендінде көрсетеді. 

MobED туралы бейнероликтерді Топтың ресми YouTube-арнасынан көруге болады: толық бейнеролик мына сілтеме бойынша, тұрақтандыру туралы бейнеролик – мына сілтеме бойынша, шектеусіз қозғалыс туралы – мына сілтеме бойынша және роботтың шексіз мүмкіндіктері туралы – мына сілтеме бойынша қолжетімді. 

WhatsApp
Программа TRADE-IN

Выгодные условия на автомобили с пробегом

Только до конца месяца на автомобили с пробегом действуют специальные предложения с максимальной выгодой!

Консультация по кредиту
Оставьте заявку и получите бесплатную консультацию нашего специалиста.
Предложение не является публичной офертой

Сайтта орналастырылған автомобильдердің ассортименті мен бағасы Компанияның офертасы (жария офертасы) болып табылмайды.