2.5 T-GDI бензинді гибридті қозғалтқыш
Макс.қуаты (а.к./айн.мин) 334 / 5 800
Макс.айналу сәті (кгк*м / айн.мин) 46,9 / 1000 – 4500
Қозғалтқыш: макс.айналу сәті 36,0 кгк*м / 1 800 ~ 4 500 айн/мин Электрқозғалтқыш: макс.айналу сәті 264 Н*м / ~1 900 айн/мин
Жасанды жол кедергілерінен өткен кезде гибридті технология электр қозғалтқышының жұмысын басқарып, көлік шанағының шайқалуын азайтады және жүрістің бірқалыптылығын қамтамасыз етеді.
Жылдамдықты арттыру кезінде гибридті жүйе көліктің қозғалысын басқарып, дірілді азайтады және бірқалыпты, бірізді үдеуді қамтамасыз етеді.
Бұрылыстардан өту кезінде тежеу жүйесі мен тартқыш электр қозғалтқышы айналу моментін бұрылу бағытына сәйкес бірлесіп реттеп, көліктің басқарылуы мен тұрақтылығын арттырады.
Руль дөңгелегін күрт бұрған кезде электр қозғалтқышы жолмен ілінісуді барынша арттырып, көліктің сырғанау қаупін азайтады және тұрақтылығын жақсартады.
Бұрылыстарда жүйе жолмен оңтайлы ілінісуді қамтамасыз ету үшін айналу моментін реттеп, көліктің тұрақтылығы мен динамикалық сипаттамаларын жақсартады.
Қозғалтқышты іске қоспай-ақ, автомобиль функцияларын пайдаланып, жайлы демалыңыз. Климаттық жүйе мен мультимедианы қосып, 25–40 минут бойы пайдалана аласыз.
*Аккумулятор зарядының деңгейі 35%-дан төмен болса, отынның төмен деңгейі туралы ескерту шамы жанса, негізгі аккумулятор батареясының релесі өшірулі болса немесе автомобиль P (тұрақ) режимінде болмаса, Stay Mode режимі жұмыс істемейді.
www.almaty.hyundai.kz сайты cookie файлдарын пайдаланады. Осы сайтты пайдалана отырып, Сіз cookie файлдарын пайдалануға Саясат шарттарына сәйкес Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз. Егер келіспесеңіз, браузердегі баптауларды өзгертіп, cookie файлдарын пайдаланудан бас тарта аласыз.