Артқы жағындағы жолаушылар туралы ескерту жүйесі қозғалтқышты өшіргеннен кейін артқы орындықта қалған жолаушының болуын анықтайды.
SANTA FE көліктегілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 6 қауіпсіздік көпшігімен жабдықталған.
Интеллектуалды круиз-бақылау (SCC) алда келе жатқан автомобильге дейінгі қашықтықты сақтауға және жүргізуші белгілеген жылдамдықпен қозғалуға көмектеседі. Егер алдыңғы көлік тоқтап қалса, ол автоматты түрде көлікті тоқтатады және ең аз кідірістен кейін оның артынан қозғалысты автоматты түрде жалғастырады.
Қашықтықтан тұрақтаудың интеллектуалды жүйесі жүргізуші көлікте болмаған кезде тұрақ орындарын анықтау үшін және автотұраққа қашықтан кіру және шығу үшін көлік құралының рулін басқару, жылдамдығын және берілісін таңдауын басқару үшін алдыңғы, алдыңғы бүйірлік, артқы бүйірлік және артқы ультрадыбыстық датчиктерді пайдаланады.
Жүйе көліктің айналасындағы жағдайды бақылайды және соқтығысу қаупі туралы ескертеді. Егер ескертуден кейін соқтығысу қаупі сақталса немесе жоғарыласа, жүйе автоматты түрде төтенше тежеуді қолданады. Сондай-ақ ол келесі жағдайларда соқтығысу қаупі туындаған кезде автоматты түрде контравариялық рульдік маневрлерді орындауға көмектеседі: қозғалыс жолағын ауыстыру кезінде — қарсы келе жатқан немесе алда келе жатқан көлікпен немесе көрші жолақтағы мотоциклмен; түзу жүру кезінде — автокөліктің қозғалыс траекториясында ішінара орналасқан көлік құралымен / мотоциклмен / жаяу жүргіншімен / велосипедшімен; қайта құру кезінде — бүйір жақта келе жатқан көлік құралымен немесе мотоциклмен.
Жүйе жүргізушіге көлікті алып жатқан жолақтың ортасында ұстауға көмектеседі. Қозғалыс жолағынан абайсызда шыққан жағдайда, ол жүргізушіні ескертеді және көлікті бастапқы жолаққа қайтара алады. Сонымен қатар қолдың руль дөңгелегінде екенін анықтау датчигін (HOD) қолдану арқылы жүргізушінің руль дөңгелегін ұстап тұрғанын анықтау тиімділігі жақсарды.
Функция қоршаған жарықты, атап айтқанда қарсы келе жатқан немесе алда келе жатқан көліктің фараларының сәулелерін анықтайды және алыс жарықты жақын жарыққа автоматты түрде ауыстырады.
Егер жүйе көлікпен артқа қарай қозғалу кезінде оң немесе сол жақтан соқтығысу қаупін анықтаса, ол ескерту жасайды. Егер осыдан кейін соқтығысу қаупі артса, төтенше тежеу қолданылады.
Артқа қозғалғанда соқтығысуды болдырмау жүйесі артқа қозғалған кезде қандай да бір объектімен соқтығысу қаупі бар-жоғын ескертеді. Егер ескертуден кейін соқтығысу қаупі сақталса немесе жоғарыласа, жүйе автоматты түрде төтенше тежеуді қолданады.
Жүйе қозғалыс жолағын ауыстырған кезде артқы жағындағы соқыр аймақтағы көлікпен соқтығысу қаупі бар болса ескертеді. Егер параллель автотұрақтан шыққан кезде автокөлігіңізге артқы жақтан жақындап келе жатқан көлік құралымен соқтығысу қаупі туындаса, жүйе автоматты түрде төтенше тежеуді қолданады.
* Жүргізушіге көмек көрсетудің жоғары технологиялық жүйелері (ADAS) көлік жүргізу процесінде қолдау көрсету үшін жасалған, бұл ретте жүргізуші әрқашан рульде мұқият болуы керек.
* Кейбір функциялар жол және қоршаған орта жағдайларына байланысты қолжетімді болмауы мүмкін. Толығырақ ақпарат пайдалану жөніндегі нұсқаулықта берілген.
* Нақты сипаттамалар жиынтықталымға, күштік қондырғыға және таңдалған опцияларға байланысты өзгеше болуы мүмкін.