Hyundai Suyunbay
Алматы қ., Сүйінбай даңғ., 245а
Hyundai GV80 Coupe, 10 қауіпсіздік жастығының жүйесі

10 қауіпсіздік жастығының жүйесі

Автокөліктің бүкіл салонында орналасқан 10 қауіпсіздік жастығы тек автокөлікпен ғана емес, адамдардың бір-бірімен де соқтығысу ықтималдығын азайтуды оңтайландырады. GV80 Coupe алдыңғы қатардың ортаңғы бүйірлік қауіпсіздік жастығымен жабдықталған, ол жүргізуші мен жолаушының бір-біріне соқтығысуының алдын алады.

Hyundai GV80 Coupe, Жол қиылыстарында соқтығысуларды алдын алудың екінші буын жүйесі

Жол қиылыстарында соқтығысуларды алдын алудың екінші буын жүйесі

Бұл жүйе жол қиылысынан өтіп бара жатқанда, сол не оң жақтағы көлік құралдарымен соқтығысу қаупі туындағанда іске қосылады. Алдымен ол жүргізушіге ескертеді. Егер осыдан кейін қауіп деңгейі төмендемесе, апаттың алдын алу үшін тежегіш механизмдер автоматты түрде іске қосылады.

Hyundai GV80 Coupe, Екінші буынның тұрған қозғалыс жолағында автокөлікті ұстап тұру жүйесі

Екінші буынның тұрған қозғалыс жолағында автокөлікті ұстап тұру жүйесі

Жол таңбасын және алдыдағы көлік құралдарын таниды және автокөлікті бара жатқан қозғалыс жолағының ортасында ұстап тұруға көмектеседі.

Қатар ауыстыру кезінде көмек функциясы бар, екінші буынның автомагистраль бойынша жүргізу көмекшісі

Қатар ауыстыру кезінде көмек функциясы бар, екінші буынның автомагистраль бойынша жүргізу көмекшісі

GV80 дәл сіз сияқты жүргізу үшін және алдыда келе жатқан көлік құралына дейін қауіпсіз қашықтықты сақтау үшін сіздің әдеттеріңізді және жүргізу мәнеріңізді жадта сақтайды. Бұл жүйе тіпті бұрылыстарда да жүріп бара жатқан жолақта автокөлікті ортасына қарай ұстауға көмектеседі.

Айнала шолу жүйесі (SVM)

Айнала шолу жүйесі (SVM)

Жүргізу және тұраққа қою кезінде айналаны бақылауға мүмкіндік береді. Айнала шолу камераларынан кескінді My Genesis қолданбасы арқылы смартфон экранына шығаруға болады.

Қашықтан басқару функциясы бар екінші буының автоматты тұрақ жүйесі (RSPA 2)

Қашықтан басқару функциясы бар екінші буының автоматты тұрақ жүйесі (RSPA 2)

Рульді, тежегіш жүйені және трансмиссияны басқара отырып, автокөлікті автоматты түрде тұраққа қояды. Бұған қоса смарт-кілттің көмегімен қашықтан тұраққа қою функциясымен істейді.

Артқы жүріспен тұраққа қойған кездегі соқтығысулардың алдын алу жүйесі (PCA)

Артқы жүріспен тұраққа қойған кездегі соқтығысулардың алдын алу жүйесі (PCA)

Тұрақ орнынан артқы жүріспен шыққанда соқтығысудан қорғайды. Автокөлік соқтығысу қаупі туралы ескертеді және қажет болғанда тежегіш механизмдерді автоматты іске қосады.

www.almaty.hyundai.kz сайты cookie файлдарын пайдаланады. Осы сайтты пайдалана отырып, Сіз cookie файлдарын пайдалануға Саясат шарттарына сәйкес Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз. Егер келіспесеңіз, браузердегі баптауларды өзгертіп, cookie файлдарын пайдаланудан бас тарта аласыз.